«Халықаралық отбасы күніне» арналған Ашық есік күні Алматы қаласы Қоғамдық денасулық сақтау басқармасының №30 қалалық емханасында 23 тамыз күні «Отбасы күніне» арналған ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты ана мен бала денсаулығына аса мән беру, маңызды ескерулерді білуге бағытталды. Осындай ерекше күнге медицина мамандарынан кеңес алды. Балаларға арналған «Анам, әкем, мен – бірге біз бір […]
Нашақорлық мәселесі денсаулықты сақтау аспектісінде ғана қарастырыла бастады. Есірткіні қолданатын адам қоғамға нақты қауіп төндіреді. Мұндай адамдар жұмысқа орналаспайды, туыстары мен достарын ренжітеді, қылмыс жасайды. Нашақор жасөспірімдер болашақта балалы болу мүмкіндігінен айырылады немесе кемістігі бар балаларды дүниеге әкеледі. Нашақорлық дегеніміз не? Нашақорлық-бұл белгілі бір препаратты қолданудан туындаған және есірткіге патологиялық тартумен анықталатын аурулар тобы. ЕСІРТКІ- […]
Ыстық өту — дененің қызып кетуінен туындайтын ауыр жағдай, әдетте жоғары температураның ұзақ әсерінен және сұйықтықты жеткіліксіз қабылдауға байланысты туындайды. Ыстық өтудің кейбір белгілері: 1. Жоғары дене температурасы (әдетте 40°C-тан жоғары) 2. Қатты бас ауруы 3. Қатты әлсіздік немесе шаршау 4. Бас айналу және сананың жоғалуы 5. Жылдам және терең тыныс алу 6. Қызыл, ыстық […]
Бүгін біз сіздермен қыздарды адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы және неге бұл қыздар мен әйелдердің денсаулығын қорғаудың негізгі қадамы екені жайлы ақпаратпен бөліскіміз келеді. Адам папилломавирусы (HPV) — жыныстық жолмен берілетін ең көп таралған вирустардың бірі. Ол әртүрлі ауруларды, соның ішінде жатыр мойны обырын, қынап обырын, анус обырын және басқа да қауіпті жағдайларды тудыруы […]
Алматы емханаларында «Алматы — ортақ үйіміз» науқаны аясында тұрғындардан мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті қабылдау мерзімсіз науқаны басталды. Бұл бастама мерзімі өтіп кеткен дәріні дұрыс кәдеге жарату және оның қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған. Көбіміз мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті қалай дұрыс жою керек екенін білмей, үйде сақтап жатамыз. Нәтижесінде мұндай дәрі қоршаған […]
Көкжөтел– бұл Bordetella pertussis таяқшасынан туындаған, ұстаманың соңында «реприздермен» және құсумен және қалың тұтқыр қақырықты бөлумен сипатталатын қалшылдатқан жөтелдің ерекше шабуылдарымен сипатталатын жедел респираторлық бактериялық жұқпа. Көкжөтелдің қоздырғышы ауа тамшыларымен, науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде таралады. Көкжөтел белгілері Көкжөтел әсіресе өмірдің алғашқы айларындағы балаларға қиын. Біріншіден, балада қарапайым суықтың белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, безгек, қалыпты […]
Флюорография-туберкулез немесе ісік сияқты өкпе ауруларының ерте белгілерін анықтауға көмектесетін маңызды медициналық зерттеу. Сондықтан флюорография жылына бір рет жасалуы керек: 1. Ауруларды ерте анықтау. Флюорография өкпе ауруларынның әлі анықтала қоймайтын қездегі алғашқы сатыларда анықтауға мүмкіндік береді, бұл емдеудің сәтті болу мүмкіндігін арттырады. 2.⃣ Туберкулездің алдын алу. Туберкулез-бұл ауыр ауру, егер ол ерте анықталса, оны емдеу […]
Температураны төмендететін дәрілерді шамадан тыс қолдану денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. ⚠️ Есіңізде болсын, антипиретиктер аурудың белгілерін жасыруы мүмкін, бұл диагнозды және дұрыс емдеуді қиындатады. 💊 Қызуды түсіретін дәрілерді қолданар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. 🌡️ Жоғары температура — ағзаның инфекциямен күресуге көмектесетін қорғаныс реакциясы. Сондықтан дене қызуын тек қатты көтерілгенде ғана түсіріп, антипиретиктерді орынсыз іше […]
Суық тию және ЖРВИ кезінде ораза ұстау — әр адамның жеке шешімі болып табылады, бірақ кейбір маңызды жайттарды ескеру қажет: 1️⃣ Ауру кезінде ағза инфекциямен күресу үшін қосымша қоректік заттарды қажет етеді. Ораза денсаулыққа қосымша стресс тудыруы мүмкін. 2️⃣ Аурудан айығу процесін тездету үшін ауру кезінде ағзаны жеткілікті дәрумендермен, минералдармен және сұйықтықтармен қамтамасыз ету маңызды. […]
24 ақпан мен 24 наурыз аралығында №30 қалалық емханада туберкулезге қарсы айлық өтіп жатыр Фтизиатр, салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігер, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай «Туберкулезді емдеуге болады. Туберкулезге жол «ЖОҚ» атты іс-шара өткізіп жатыр. Шыздар педагогикалық университетте біздің қызметкерлер аурудың алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Спикерлер: фтизиатр Г.М.Бегалинова, […]
Қызылша – вирус тудыратын өте жұқпалы ауру. Ол ауа тамшылары арқылы таралады және пневмония, энцефалит, тіпті адаи өлім сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Қызылшаның белгілері қызба, тері бөртпесі және жөтел. Вакцинация – қызылшаның алдын алудың жалғыз жолы. Бұл тиімді және қауіпсіз, оны балалық шақта жасаған дұрыс. Егер де бала кезіңізде алмаған болсаңыз, кез келген жаста […]