Қызылша – вирус тудыратын өте жұқпалы ауру. Ол ауа тамшылары арқылы таралады және пневмония, энцефалит, тіпті адаи өлім сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Қызылшаның белгілері қызба, тері бөртпесі және жөтел.
Вакцинация – қызылшаның алдын алудың жалғыз жолы. Бұл тиімді және қауіпсіз, оны балалық шақта жасаған дұрыс. Егер де бала кезіңізде алмаған болсаңыз, кез келген жаста вакцина салдыруға болады.
№30 қалалық емхана қызметкерлері студенттер жатақханасында қызылша ауруының алдын алу туралы әңгіме жүргізіп, студенттердің назарын екпенің маңыздылығына аударып, инфекцияның таралуын болдырмау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, вакцинация тек жеке қорғаныс емес, қоғам алдындағы жауапкершілік екенін де атап өтті.
Сондықтан қызылшаға қарсы екпе алмаған болсаңыз, міндетті түрде дәрігермен кеңесіп, екпе алыңыз. Бұл сізді ауыр асқынулардан қорғауға ғана емес, сонымен қатар инфекцияның басқа адамдарға таралуына жол бермейді.