г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі

Алматы қаласы ШЖҚ «№30 қалалық емхана» КМК Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді.

Пациенттерді қолдау қызметінің негізгі міндеттері:

Пациенттерге денсаулық сақтау саласына қатысты оларды қызықтыратын барлық мәселелер бойынша телефон арқылы хабарлауға мүмкіндік беретін Call-орталығы жұмыс істейді.

Байланыс орталығының телефоны: +7(727)317-53-80, +7(727)279-29-68

Медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Объективтілік қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссияда қаралатын болады.

Сізге ыңғайлы болу үшін емханамыздың әр қабатында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар үшін» ұяшығына аты-жөніңізді және байланыс деректерін (телефон, мекен-жай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз, сонымен қатар емхана  веб-сайтында өз нөміріңізді қалдыра аласыз.

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және бес күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінішіңізді қарау нәтижелері туралы ақпарат береді.