г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Емхана тарихы

Емхана 1961 жылдан бері жұмыс істейді, ол №1 балалар емханасы болған. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы Алмалы ауданындағы аралас емхана болған. Емхана 3 қабатты ғимаратта және көршілес орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жалпы ауданы 1603,1 ш.м. Жоспарланған қуаттылығы – аусымына 200 келу, нақты өткізу қабілеті – 350 келу.

Емханаға күрделі жөндеу 2019 жылы жүргізілген. Медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар.

2013 жылдың шілдесінде емхана ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертті – Алматы қаласы әкімдігінің 15.07.2013 жылғы №3/594 қаулысымен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болды.

Алматы қаласы әкімдігінің 28.06.2019 жылғы №2/436 қаулысы негізінде ШЖҚ «№30 қалалық емхана» КМК болып өзгертілді.

2021 жылдың шілдесінде емхана 3 жыл мерзімге бірінші санатты аккредитациядан өтті.

Емхана Алматы қаласы Алмалы ауданындағы балалар мен ересектерге емдік-профилактикалық көмек көрсетеді.

Негізгі құрылымдық бөлімшелер:

– Жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімшесі (5-терапевтік, 7-ЖТД учаскесі), 8 учаскеден тұратын педиатриялық бөлімше (7-педиатрия, 1-ЖТД), мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесі, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, КДБ (клиникалық-зертханалық диагностика, рентгендік диагностика) және әкімшілік.