г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен.

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 № ҚР ДСМ-180/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 88-V Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «АИТВ инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Алдын ала міндетті медициналық қарап – тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарының және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

16) осы бұйрыққа 16 – қосымшаға сәйкес «Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

17) осы бұйрыққа 17 – қосымшаға сәйкес «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

18) осы бұйрыққа 18 – қосымшаға сәйкес «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Санаторийлік -курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 № ҚР ДСМ-86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова