Жүкті әйелдерге арналған ақпарат
Әйелдер консультациясының міндеті:
- диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес физиологиялық жүктіліктің және қауіптілігі жоғары жүкті әйелдерді бақылау;
- акушерлік патологияның алдын алу және жүктілік пен босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге білікті амбулаториялық акушерлік көмек көрсету, босануға, бала емізуге дайындық;
- гинекологиялық патологияның алдын алу, әйелдерге, қыздарға және жасөспірімдерге білікті амбулаториялық гинекологиялық көмек көрсету;
- әйелдерді диспансерлеу. Жоғары тәуекел тобындағы әйелдерді жүктілікке дайындау;
- контрацепция бойынша шаралар жүргізу;
- ана мен баланы қорғау туралы заңнамаға сәйкес әйелдерді құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету.
Отбасын жоспарлау кабинетінің негізгі міндеттері: қала халқының репродуктивті денсаулығын сақтау және нығайту (қажетсіз жүктіліктің, ЖЖБИ, АИТВ-инфекциясының алдын алу), қалаған және дені сау балалардың тууына жәрдемдесу қызметін көрсету, балалар мен жасөспірімдерді гигиеналық дағдыларға үйрету, отбасылық өмірге дайындау.
Отбасын жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
- қалаған және дені сау сәбидің дүниеге келуі;
- әйел денсаулығын сақтау;
- психосексуалдық қатынастарда үйлесімділікке қол жеткізу;
- кәсіби жоспарды жүзеге асыру.
Жатыр мойны патологиясы кабинеті: жатыр мойны патологиясы кабинетінде дәрігер жатыр мойнының эрозиясын (эктопиясын), қабынуды, вирустық зақымдануды, жатыр мойны ісік алды және қатерлі ісік ауруларын анықтау үшін ұлғайту (колпоскопия) кезінде жатыр мойнының шырышты қабатын зерттейді.
Сондай-ақ, жатыр мойны патологиясы кабинетінде көрсеткіштер мен дәрігердің нұсқауымен хирургиялық және терапевтік процедуралар жүргізіледі:
- дәрі-дәрмекпен емдеу (бүркіп жуу, тығындәрілер) — егер биопсия созылмалы қабынуды көрсетсе немесе патология аналық бездердің дисфункциясынан туындаса, гормоналды препараттар;
- химиялық сүрту (солковагин) — вирус тудырған сүйелдер анықталған жағдайда немесе аздаған зақымдану аймағы болған жағдайда;
- криотерапия (сұйық азотпен сүрту) – жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша. Бұл әдістің сәнділігіне қарамастан, ол ауыр патологияны емдеуге мүмкіндік бермейді, өйткені терең енбейді;
- электрокоагуляция (диатермокоагуляция);
- ЖЖБИ анықтау және емдеу.