Халықаралық медбикелер күні қарсанында №30 Қалалық емханада аудандық «Мейіргер — мерейлі мамандық» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Емхана қызметкерлері арасында кәсіби байқау өтті.
Қатысушылар 5 кезеңдік сайыста әр кезең сайын 3 — тен 5 балға дейінгі жүйемен бағаланады.
1 кезең — Өзін — өзі таныстыру.
2 кезең — Теориялық жағдайлар.
3 кезең — Музыкалық сәлемдеме.
4 кезең — Медициналық сән стилі.
5 кезең — Түрлі-түсті кеш.
Сайыскерлер:
1. ЖТД бөлімінің мейіргері — Қонаева Айгерім Аманбайқызы;
2. Клиника диагностикалық бөлімнің мейіргері — Бейсенбаева
Сандуғаш Турлыбаевна;
3. Әйелдер бөлімінің акушері — Абдурахимова Дамира Абдухалыққызы;
4. Балалар бөлімінің мейіргері — Умирбекова Кенжегүл Тұрсынбайқызы;
5. Арнайы мамандырылған бөлімінің мейіргері — Қожақанова Гүлнәр Турсыновна.
Сайыс барсында өз шеберлігін жоғары денгейде танытқан Клиника диагностикалық бөлімнің медбикесі — Бейсенбаева Сандуғаш Турлыбаевна жеңімпаз атанды.