Наурыздың 1-інде №30 қалалық емханада Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық басталады. Бір ай ішінде учаскелік мамандар фтизиатрмен бірге аурудың алдын алуға бағытталған бірқатар шараларды өткізеді.
Дәрігер фтизиатр Каримов Т.Б., сонымен қатар кафедра қызметкерлерінің консультацияларын жоспарлап қойдық. Тәуекел санатындағы науқастар консультацияға шақырылады.
№30 қалалық емханаға бекітілген тұрғындарды белсенділік танытып, сауалнамаға жауап беруді сұраймыз. Біз үшін азаматтардың туберкулез туралы қаншалықты хабардар екенін білу маңызды. Зерттеу нәтижелері бойынша біз түрлі жастағы адамдар үшін ең өнімді профилактикалық бағдарламаны таңдаймыз.
Сондай-ақ наурыз айында біз туберкулездің алдын алу және БЦЖ вакцинациясының маңыздылығы туралы жазбалар сериясын шығарамыз. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.