г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Бұл ретте МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.

МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік бағдарланған болып табылады. Яғни, халықтың 15 жеңілдік санатындағы 11 млн-ға жуық азаматқа мемлекет жарна төлейді.

Екі пакет бар: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), оларға сәйкес адамдар медициналық көмек ала алады.

Мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес оған келесі қызметтер кіреді:

Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек (санитариялық авиацияны, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына алып келетін аурулар кезінде ұтқыр бригаданың қызметтерін қоса алғанда).

– Емханаларда қызмет көрсету (кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару, халықтың нысаналы топтары үшін скринингтер, жүктілікті бақылау, профилактикалық егулер).

Диагностика және емдеу:

– Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда медициналық көмек (оның ішінде айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды оқшаулау кезінде).

– Мамандандырылған көмек көрсету кезінде, сондай-ақ қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, белгілі бір аурулар мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтардың санаттары дәрі-дәрмектерді тегін ала алады.

ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша толық ақпаратпен adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000672#z56 сілтеме бойынша танысуға болады

МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмекке кеңейтілген қолжетімділік алады.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес МӘМС пакетіне келесі медициналық қызметтер кіреді:

МӘМС пакеті шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер бойынша толық ақпаратпен сіз мына сілтеме бойынша adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000421 таныса аласыз

«МӘМС туралы» Заңға сәйкес adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000405 жарналарды ай сайын төлеу қажет. Бұл ретте 2020 жылдың қаңтарынан бастап соңғы 12 айда төлемдердің болмуы маңызды. Егер олқылықтар болған жағдайда «сақтандырылған» мәртебесі берілмейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін ел тұрғындары «қашан төлеу керек?», «Кімге төлеу керек?», «Қанша төлеу керек?», «Қалай төлеуге болады?», «Не үшін төлеу керек?».

Сонымен, МӘМС кім және қалай төлейді.

Науқас құқығын қалай қорғай алады?

Қордың басты міндеттерінің бірі – науқас құқығын қорғау. Сондықтан Қор мамандары медициналық көмектің сапасын бақылайды, сонымен қатар оны көрсетуден бас тартудың себептерін тексереді.

Азаматтар медициналық ұйымдарда қызмет алу кезінде қиындықтарға тап болғанда, көбінесе өз құқықтарын қорғау үшін қайда бару керектігін білмейді.

1-әдіс. Науқастарды қолдау қызметі.

Уақытты жоғалтпай, медициналық қызмет көрсетуді бақылау және жағдайды сол жерде шешу үшін арнайы құрылған науқастарды қолдау қызметіне хабарласыңыз.

* бұл қызмет барлық медициналық ұйымдарда жұмыс істейді

Әр емханада бұл қызмет:

2-әдіс. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының байланыс орталығына хабарласыңыз.

Барлық медициналық ұйымдар денсаулық сақтау басқармасына бағынады, сондықтан сіз тікелей басқарма байланыс орталығына хабарласу арқылы өз мәселеңізді шеше аласыз.

3-әдіс. «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы

«Qoldau 24/7» қосымшасына байланысқаннан кейін әлеуметтік сақтандыру Қорының мамандары:

* Өтінішіңізге нөмір беріледі, сол арқылы шағымның мәртебесін бақылай аласыз

4-әдіс: Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Өтініш жіберу:

Өтініш тарихы:

Аймақты, медициналық ұйымды, өтініш себебін көрсетіңіз

Құрылған өтініш мәртебесін тексеруге рұқсат беру

5-әдіс. 1406 бірыңғай байланыс орталығы

  1. Бірінші деңгей – кеңес беру сипатындағы сұрақтар
  2. Екінші және үшінші деңгей – егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер

6-әдіс: fms.kz сайтындағы «Халықтық бақылау» бөлімі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының сайтына кіріп, өтініш беріңіз:

Шағым қалдыру:

Ұсыныс қалдыру:

Аймақ, емхана, диагноз, тексеру күні, ЖСН көрсетіп, шағым сбебін таңдаңыз

Бастапқы мәліметтерді толтырып, мәтінді тұжырымдау қажет