г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Менингит

Менингиттің жиі себебі әдетте, емдеусіз өтетін вирустық инфекциялар. Бірақ, бактериалдық инфекциядан болған менингит – аса күрделі ауру және сәйкес емдегеннің өзінде өлім-жітімге немесе мидың зақымдануына апаруы мүмкін.
Сондай-ақ, менингитің себептері:
— Химиялық заттектер;
— дәрілік Аллергия;
— Зеңдер;
— Паразиттер;
— Ісіктер.
вирустық менингиттің көпшілігі энтеровирустан болады, бұл ішектің зақымдану себебі де болуы мүмкін.
Менингиттің пайда болуы себебі басқа да вирустар болуы мүмкін.
— Менингит герпес вирусынан болуы мүмкін. Бірақ, герпес ойық жарасы немесе гениталдық герпесі бар адамдар менингиттің даму қаупі бар топқа жатпайды.

— Борықтану (свинка) немесе АИТ (ВИЧ) қоздыратын вирустар — асептикалық менингиттің пайда болуы себебін құрауы мүмкін.

Бактериалдық менингит – шұғыл медициналық жәрдемді қажет ететін ауру. Бұл жағдайда науқасты дереу ауруханаға жатқызу қажет.

Аурудың симптомдары тез дамуы мүмкін және оған кіретіндер:

— Қызба және қалтырау;
— Психикалық жағдайдың өзгеруі;
— Жүрек айнуы және құсу;
— Жарыққа сезімталдық Күшті бас ауыруы;
— Бұлшық еттің сіресуі (менингизм).

Осы ауру кезінде кездесетін басқа симптомдар:

— Жүйкелік қозу;
— Балалардың еңбегінің (балалардың қатпаған еңбегі) ісінуі;
— Назар қоюдың төмендеуі;
— Баланың емшекті нашар емуі немесе тітіркенгіштігі;
— Тыныс алудың жиілеуі;
— Әдеттегідей емес орналасу, бұл кезде басы мен мойны артқа шалқайған (опистотонус).

Ақпарат Zdrav.kz сайтынан алнған.