Құрметті келушілер!
Сіздерді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№30 қалалық емхана» КМК ресми сайтының беттерінде қарсы алғаныма шын жүректен қуаныштымын!
Бұл интерактивті ресурс емханада көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады деп сенемін.
Мен конструктивті диалогқа ашықпын. Мүмкіндігінше ұйымымыздың құзыретіне жататын сіз қойған сұрақтардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмауға тырысамын.
Медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру, халық денсаулығын жақсарту және бізде тіркелген тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі сындарлы ұсыныстарыңыз үшін алғыс айтамын. Сайттан денсаулық сақтау жүйесіндегі заңнама мәселелері бойынша сізді қызықтыратын ақпаратты, емханада, қаламызда және республикада өтетін іс-шаралар туралы хабарландыруларды таба аласыз.
Құрметпен, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№30 қалалық емхана» КМК бас дәрігері
Хамидулла Әсел Дулатқызы
Хамидулла Әсел Дулатқызы
2005 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы акушер-гинеколог мамандығы бойынша интернатураны аяқтады.
2008 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты «Эндокринология» мамандығы бойынша қайта даярлау курсын аяқтады.
2008-2010 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да оқып, «Менеджмент» мамандығы бойынша академиялық бакалавр дәрежесін алды
2017 жылы — Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі
«Эндокринология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
2006 жылдың 17 қыркүйегінен 2006 жылдың 29 желтоқсанына дейін №1 перзентханада акушер-гинеколог болып істеген.
2007 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты «Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру» кафедрасына ассистент болып қабылданды.
2011 жылдың қыркүйегінде №16 қалалық емханаға эндокринолог-дәрігер лауазымын біріктіре отырып, мамандандырылған көмек бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмысқа қабылданды.
2014 жылдың қазанында №16 қалалық емханада бас дәрігердің емдеу-профилактикалық жұмысы жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2015 жылы №16 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу-профилактикалық жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне бекітілді.
05.03.2021ж. бастап – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№30 қалалық емханасы» КМК бас дәрігері.