№30 Қалалық емханада «Медициналық Этика және Деонтология» тақырыбыда мейірбикелерге арналған тренинг өткізілді.
Медициналық деонтологияда қарым-қатынастың үш аспектісі бар:
— медицина қызметкерлерінің науқастармен өзара қарым-қатынасы;
— медицина қызметкерлерінің науқастың туыстарымен қарым-қатынасы;
— медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы.
Негізгі әдептіліктің қарапайым белгілері:
— Кабинетке кірер алдында дәрігердің, меңгерушінің немесе басшының есігін қағу, амандасу, рұқсат сұрау кабинетте кісілер отырған болса, кешірім сұрап шығып кету
— Кабинетіңізге келген келушіні есікке дейін шығарып салып, қоштасуы керек. Қоштасуда көзделген нәтижеге жеткеніңізге немесе жетпегеніңізге қарамастан келушіні жылы шыраймен, сыпайлылықпен шығарып салу керек.
— Орта буын қызметкерлеріне дәрігерлермен сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады. Олар дәрігерлердің тапсырмаларын уақытында нақты және кәсіби орындауы тиіс.
— Тәжірибелері мол медбикелер, зертханашылар жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет. Олар қиын жағдайларда бір–біріне көмектесулері тиіс.
Тренингті өткізген психологтар Михайлова М.В, Сайпова А.Ф, әлеуметтік қызметкерлер: Болатбай Д.Қ, Тұрсынбек С.Н.