г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

10-қазан — Дүниежүзілік психикалық саулық күні.

Психикалық саулық дегеніміз не?

Адам бойында жағымды психологиялық күйдің болуы. Яғни, адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін қолдана отырып, алға қойған мақсаттарына қол жеткізе білуі, қоршаған ортасының үйлесімді дамуына өз үлесін қосуға қабілеттілік танытып, өмірлік қиындықтарды жеңе алуы. Яғни, психикалық саулық – адамның әлеуметтік, интеллектуалдық, эмоционалдық және физиологиялық тұрғыда үйлесімді дамуы.

 

Психикалық саулық жайлы негізгі факторлар:

Психикалық саулықты адам бойында психикалық ауытқушылықтардың болу-болмауы арқылы сипаттау немесе бағалау жеткіліксіз;

 

Қоғамдағы әр түрлі жағдайларға байланысты, психикалық саулық әлсіреуі мүмкін. Төменде психикалық саулықтың төмендеп жатқанын көрсететін 10 белгілері;


  1. Көптеген тапсырмалар не стресстің себебінен бұрын айналысқан хоббиларыңыз не ісіңіз сізге қызықсыз болып қалса, депрессияның енді ғана бастау алып жатқан деуге болады. Бұл жағдайда туыс не достарыңыздың, тіпті арнайы маман көмегіне жүгінуге болады.

    2. Өз басыңызға шамадан тыс жүк артылған сайын, сол жағдайыңызды әдетке айналдырып, бір күнде біршама істерді тындыру сізге бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жеңілірек болып кетсе, бұл да қалыпты жағдай деп есептелінбейді. Бұл дегеніміз сыртқы стресске ішкі реакция деуге болады.
    Бұл жағдайда күнделік жүргізіп, медитациямен және зейінділікті жаттықтырумен айналысқан жөн.

  2. Адамдармен сөйлескіңіз келмейді. Өзіңізді шаршағыш, әлсіз сезінесіз. Тек бұл жағдайда әдеттегі қалыпты күйіңізді есептемегенде, яғни интроверт не эстраверт екеніңізді есепке алып. Өзіңіздің қалыпты күйіңізден түсіп жатсаңыз, онда оған мән беріңіз. Дәл қазір сізге адамдармен сөйлесу көмектеспейтіндей болып көрінгенімен, бәрібір де ол сіздің көңіл күйіңізді көтеретінін еске түсіріңіз.
  3. Сізде қалыпты ұйқы режимі жоқ. Таңғы қоңырауда ояну қиын, солай күні бойы ұйқымен өтеді. Бұл жағдай да депрессияның өрбуіне жол ашады. Сондықтан үнемі бір уақытта ұйықтап тұруды әдетке айналдырғаныңыз жөн. Бұл организмгеде өте пайдалы.
  4. Уақытылы спорт және дұрыс тамақтанудан кейін де, өзіңізді әлсіз, тозғын сезінесіз. Әдетте ол сезім ұзақ уақыттық стресстен кейін пайда болады. Бұл кезде ештеңеге дауқыңыз соқпайды. Бұл жағдайда әдетте алғыс айту, релаксация және де йогамен айналысу ұсынылады. Және арнайы маман көмегіне жүгінген жөн, онда сізге медикаментозды ем қойғаны дұрыс.
  5. Шектен тыс мазасыздық. Мазасыздық адам баласын іштей жейді, ешқандай аурумен ауырмасаңызда ол сізге маза бермейді,және стресске алып келеді. Анық байқалатын белгілер сіздің психикалық денсаулығыңыз туралы біраз жағдайды айтады. Сондықтан мазасыздық деңгейін бақылау маңызды.
  6. Сіздің айналаңызда қанша жағдайлар болып жатыр, сіз оның біріне назар аударып, тоқтала алмай жатқан сияқты болып көрінесіз. Ол кезде қатты қорқудың қажеті жоқ. Бірақ уақыт өте келе осы үшін өзіңізде қатты алаңдаушылық болса, бұл психикалық саулығыңызға назар аудару керек деген сөз. Өз центріңізді іздеп жатқаныңыздың белгісі, бұл жағдайда медитация таптырмас құрал.
  7. Сізге зейінді бір нәрсеге қою қиын. Әсіресе кітап оқығанда, оқылған информацияны түсіну қиын ба? Бұл жағдайлар депрессия, психикалық бұзылу, немесе дұрыс күтімбеушілік және стресс себептері болуы мүмкін. Бұл мәселе сізді алаңдатса, сіз маман көмегіне жүгінуге ұялмаңыз.
  8. Егер сізде импульстық эмоцияны бақылау қиынға соқса, яғни шектен тыс көп уақыт, мысалы т.н ортасына дейін сериалдар көру, не есепсіз, қажеттілігі аса маңызды емес нәрселерге қаражат жұмсасаңыз, яңни импульстық әрекеттер басым болса , бұлар да психикалық бұзылыстардың бір себебі болуы мүмкін,не сау әдеттер қалыптастырмағаныңыз және маңызды мәселелерді көзе елегіңіз келмейтіндігін көрсетеді.
  9. Өзін дәл қазір және осында болуға тырысу. Бұндай жағдайларда сізге тауға шығу, жаяу қыдыру немесе табиғат аясындағы медитация ең ұтымды нұсқа болып табылады.

Егер өзіңізден атап өтілген 10 белгілердің бірін көрсеңіз, біліңіз сіз жалғыз емессіз, сіздің айналаңызда үнемі туған-туыстарыңыз, дос-құрбыңыз, сонымен қатар маман сізге ол жағдайлармен көмектесе алатынын біліңіз.