Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі
Алматы қаласы ШЖҚ «№30 қалалық емхана» КМК Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді.
Пациенттерді қолдау қызметінің негізгі міндеттері:
- пациенттердің қауіпсіздігін, олардың құқықтарын және пациенттерге қолдау көрсетуді жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімдігін қамтамасыз ету;
- пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) туындаған кезде, оның ішінде «осында және қазір» қағидаты бойынша сенім телефонына келіп түскен мәселелерді сол жерде шешу;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтау;
- процедура мен жұмыстың меншікті жүйелерін талдау, олардың сәйкестігі мен тиімділігін аккредиттеу стандарттарына сәйкес бағалау, содан кейін кәсіпорынның жұмысын жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу;
- ПҚжІАҚ сауалнама жүргізу, пациенттердің барлық өтініштері бойынша олар туындаған жердегі құзыретті медицина қызметкерлерінің оларды жедел шешу мақсатында шешім қабылдау арқылы көрсетілетін медициналық көмектің сапасына халықтың қанағаттануына зерттеу жүргізеді. Барлық проблемалық мәселелер ПҚжІАҚ жанындағы Медициналық қызметтердің сапасын басқару жөніндегі кеңеске беріледі, одан кейін емхана басшылығына ішкі аудит нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылады.
Пациенттерге денсаулық сақтау саласына қатысты оларды қызықтыратын барлық мәселелер бойынша телефон арқылы хабарлауға мүмкіндік беретін Call-орталығы жұмыс істейді.
Байланыс орталығының телефоны: +7(727)317-53-80, +7(727)279-29-68
Медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Объективтілік қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссияда қаралатын болады.
Сізге ыңғайлы болу үшін емханамыздың әр қабатында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар үшін» ұяшығына аты-жөніңізді және байланыс деректерін (телефон, мекен-жай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз, сонымен қатар емхана веб-сайтында өз нөміріңізді қалдыра аласыз.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және бес күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінішіңізді қарау нәтижелері туралы ақпарат береді.