г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Алдын алу бөлімшесі

АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК БӨЛІМШЕСІ

Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің негізгі қызметі «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ШЖҚ «№30 қалалық емхана» КМК алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

2022 ЖЫЛҒЫ ТЕКСЕРУЛЕР КӨЛЕМІ:

Артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтау үшін есепте тұрмайтын ерлер мен әйелдерге антропометриялық өлшеулер (бой, дене салмағы, бел шеңбері), қан қысымын өлшеу, холестерин мен қандағы глюкоза деңгейін анықтау жүргізіледі. 40 жастан 70 жасқа дейін осы ауруларға диспансер көрсеткіштері бойынша кардиолог, эндокринолог дәрігердің электрокардиографиялық тексеруі.

Глаукоманы ерте анықтау үшін 40 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдердің көзішілік қысымы өлшенеді, офтальмологтың кеңесі көрсетіледі.

Қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді жою және дамуының ерте кезеңінде ісіктерді анықтау үшін келесі тексерулерден өту керек:

  • жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін, 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу, акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия – көрсеткіштер бойынша;
  • сүт бездерінің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін, 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін сүт бездерін рентгендік зерттеу (маммография), маммолог, онколог дәрігердің қарауы – көрсеткіштер бойынша;
  • 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерде тоқ ішек обырын ерте анықтау, нәжістің жасырын қанын тексеру, хирург, проктолог, гастроэнтеролог тексеруі, тоқ ішек пен тік ішекті эндоскопиялық зерттеу (колоноскопия) көрсетілген жағдайда.

Скринингтен өту үшін алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесіне хабарласу қажет.


Момын Құндыз Қанатқызы

Ауезханова Айнур Ауезхановна

Михайлова Марина Васильевна

Жанысбекова Жәудір Бақытжанқызы

Селивейстрова Юлия Ивановна

Болатбай Дана Қайратқызы

Калилуллаева Айнур Ибайдуллакызы