г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

АЛМАТЫ қ. №30 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЭНДОКРИНОЛОГ ДӘРІГЕРІ АКУОВА АЙНҰР ҚҰСБЕКҚЫЗЫ АТА-АНАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АУРУ – БАЛАЛАРДАҒЫ ҚАНТ ДИАБЕТІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ.

Қант диабеті – бұл гипергликемия, яғни қандағы глюкоза деңгейінің артуы біріктіретін аурулардың бүтіндей бір тобы. Ол ұйқы безіндегі белгілі бір жасушалардың өліміне алып келетін инсулин түзілуіндегі немесе жұмысындағы ақау салдарынан туындайды. Қант диабеті кейбір органдардың, әсіресе көз, бүйрек, жүйке, жүрек және қан жолдары тамырларының зақымдалуына немесе тиісті деңгейде жұмыс істей алмауына алып келеді.
№30 қалалық емханада әр түрлі жастағы 10 бала қант диабеті ауруымен диспансерлік есепте тұр.

Балада қант диабеті бар екенін қалай білуге болады?
ҚД белгілері: шөлдеу, салмақ жоғалту, кіші дәретке жиі бару, тез шаршау.

Балаларды қант диабеті ауруынан толық емдеуге бола ма?
Аурудан толық құтылу мүмкін емес, басты міндет – қандағы қанттың қалыпты деңгейін сақтау.

Балалардың қант диабетіне шалдығу себебі неде? Балалардағы бірінші типтегі қант диабеті ұйқы безі функциясының бұзылуына байланысты пайда болады.

Қант диабеті және тұқым қуалаушылық. ҚД тұқым қуалайтын ауру, анадан және әкеден беріледі.

Балада ҚД-ны қалай ескертуге болады?
– баланы физикалық белсенділікте шектемеген жөн;
– балалардың рационында көкөніс, жеміс, шөп, бұршақ дақылдары болуы керек;
– баланың иммунитетін арттыру керек;
– стресс пен никотинді қолданудан аулақ ұстау керек;
– емханада профилактикалық тексерулерден бас тартпаған жөн;
– артық салмақпен күресу (семіздікке шалдыққан балалардың қант диабетімен ауыру қаупі бар) керек.

№30 қалалық емхана педиатрларының диспансерлік бақылауында 50 бала дене салмағы индексінің бұзылу – семіздік есебінде тұр.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде халықтың 22%-ы артық салмақтан зардап шегеді.