г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Мінез-құлықтың қауіп-қатер факторларының алдын алу

Мінез-құлықтың қауіп-қатер факторларының алдын алу бойынша Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде семинар өткізілді.

Есірткіні тұтыну әлі де көп адамдарды ең бағалы өмірден айыра немесе олардың жемісті өмірін шектей отырып айтарлықтай шығынға ұшыратады.
Темекіні тұтыну денсаулыққа қауіп төндіретін қатерлердің бірі болып табылады. Жыл сайын ғаламдық темекі індеті 6 миллионға жуық адамдықазаға душар етеді. Әр 6 секунд сайын бір шылымқор өледі, яғниәр өлім-жітім оқиғасы ересек адамдарға тиесілі. Қазіргі темекіні тұтынушылардың жартысына жуығы темекімен байланысты қандай да бір аурудың себебінен қаза табады.

Алкоголь ауру мен мезгілсіз өлім-жітімнің үшінші жетекші себебі болып табылады. Әлемде алкогольді шамадан тыс тұтынудың нәтижесінде жыл сайын 3,3 миллион өлім-жітім оқиғасы болады. Алкогольді тұтыну ерте өлім-жітімге және мүгедектікке алып келеді.
Алкогольді тұтыну ауру және жарақатпен байланысты денсаулықтың бұзылуының 200-ден астам түрінің себепті факторы болып табылады. Алкогольді тұтыну психологиялық және мінез-құлықтық, соның ішінде алкогольге тәуелділік, бауыр циррозы, обырдың кейбір түрлері мен жүрек-қантамыр аурулары секілді ауыр инфекциялық емес аурулар, басқа ағзалардың зақымдалуы секілді денсаулыққа қатысты қиындықтардың даму қауіптерімен байланысты. Алкогольдің зиянды әсерінен болатын аурулар індетінің айтарлықтай үлесі байқаусыз және әдейі, соның ішінде жол-көлік апатының, зорлық және өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің нәтижесінде жарақат алуға байланысты.