г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Халықаралық мейірбикелер күні

Алматы қаласы N 30 қалалық емханада 92 қызметкер медбике, фельдшер және лаборант болып жұмыс істейді.

Учаскелік медбике көрсететін қызметтің уақыттық шегі болмайды әрі ол ауысым біткенде аяқталмайды. Біздің медбикелер пациентпен тәулік бойы байланыста: олар дәрігердің ұсынымдарының орындалуын қадағалайды, науқасты үйде күтеді, қозғалысы шектелген науқастарға дәрі-дәрмек жеткізеді, скринингтік тексерулер кезінде адамдарды алып жүреді, диспансерлік бақылау жүргізеді, эпидемиялық шаралар, соның ішінде ересектер мен балаларды вакцинациялауды іске асырады, емдеуге қатысады.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінің дамуымен емхана медбикелері әріптестерімен бірге науқастарға стационарды алмастыру қызметін көрсетеді.

Учаскелік қызметтен басқа емхана медбикелер құрамы келесі санаттағы жұмысшылардан тұрады: фельдшер, лаборант, инфекциялық бақылау медбикесі, процедуралық медбике, таңу медбикесі, егу медбикесі, балаларды дамыту кабинетіндегі медбике, мамандандырылған бөлімшедегі медбике, аға және бас медбике.

Емхана медицина қызметкерлері адамның өмір бойында бірге жүреді.

Сіздің қызметіңіз бірегей және ең жоғары бағалауға лайық.

Бұл мереке рухани жомарт, мейірімді және кез келген сәтте қол ұшын беруге дайын ең адамгершіл және игі кәсіптің өкілдерін біріктіреді.

Құрметті әріптестер, мереке құтты болсын! Үміттеріңіз бен армандарыңыз орындалсын. Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!