г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Менингит

Менингиттің жиі себебі әдетте, емдеусіз өтетін вирустық инфекциялар. Бірақ, бактериалдық инфекциядан болған менингит – аса күрделі ауру және сәйкес емдегеннің өзінде өлім-жітімге немесе мидың зақымдануына апаруы мүмкін.
Сондай-ақ, менингитің себептері:
– Химиялық заттектер;
– дәрілік Аллергия;
– Зеңдер;
– Паразиттер;
– Ісіктер.
вирустық менингиттің көпшілігі энтеровирустан болады, бұл ішектің зақымдану себебі де болуы мүмкін.
Менингиттің пайда болуы себебі басқа да вирустар болуы мүмкін.
– Менингит герпес вирусынан болуы мүмкін. Бірақ, герпес ойық жарасы немесе гениталдық герпесі бар адамдар менингиттің даму қаупі бар топқа жатпайды.

– Борықтану (свинка) немесе АИТ (ВИЧ) қоздыратын вирустар – асептикалық менингиттің пайда болуы себебін құрауы мүмкін.

Бактериалдық менингит – шұғыл медициналық жәрдемді қажет ететін ауру. Бұл жағдайда науқасты дереу ауруханаға жатқызу қажет.

Аурудың симптомдары тез дамуы мүмкін және оған кіретіндер:

– Қызба және қалтырау;
– Психикалық жағдайдың өзгеруі;
– Жүрек айнуы және құсу;
– Жарыққа сезімталдық Күшті бас ауыруы;
– Бұлшық еттің сіресуі (менингизм).

Осы ауру кезінде кездесетін басқа симптомдар:

– Жүйкелік қозу;
– Балалардың еңбегінің (балалардың қатпаған еңбегі) ісінуі;
– Назар қоюдың төмендеуі;
– Баланың емшекті нашар емуі немесе тітіркенгіштігі;
– Тыныс алудың жиілеуі;
– Әдеттегідей емес орналасу, бұл кезде басы мен мойны артқа шалқайған (опистотонус).

Ақпарат Zdrav.kz сайтынан алнған.