г. Алматы, проспект Жибек Жолы 128/23

Мейірбике күніне арналған сайыс

Халықаралық медбикелер күні қарсанында №30 Қалалық емханада аудандық «Мейіргер – мерейлі мамандық» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Емхана қызметкерлері арасында кәсіби байқау өтті.
Қатысушылар 5 кезеңдік сайыста әр кезең сайын 3 – тен 5 балға дейінгі жүйемен бағаланады.

1 кезең – Өзін – өзі таныстыру.
2 кезең – Теориялық жағдайлар.
3 кезең – Музыкалық сәлемдеме.
4 кезең – Медициналық сән стилі.
5 кезең – Түрлі-түсті кеш.

Сайыскерлер:

1. ЖТД бөлімінің мейіргері – Қонаева Айгерім Аманбайқызы;
2. Клиника диагностикалық бөлімнің мейіргері – Бейсенбаева
Сандуғаш Турлыбаевна;
3. Әйелдер бөлімінің акушері – Абдурахимова Дамира Абдухалыққызы;
4. Балалар бөлімінің мейіргері – Умирбекова Кенжегүл Тұрсынбайқызы;
5. Арнайы мамандырылған бөлімінің мейіргері – Қожақанова Гүлнәр Турсыновна.

Сайыс барсында өз шеберлігін жоғары денгейде танытқан Клиника диагностикалық бөлімнің медбикесі – Бейсенбаева Сандуғаш Турлыбаевна жеңімпаз атанды.