2023 жылдың қаңтарынан бастап, қазанына дейін инфекциялық ауруханаға қаралған науқастар саны – 5754 құрады (олардың 71% 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар), ал ересектердің арасында бұл көрсеткіш 2 мыңға жуықтады (1.11.2023 жылғы мәлімет бойынша).
2. Неліктен қосымша екпе алу басталды? Бұл шара инфекцияның таралуының алдын алады ма?
Қосымша иммунизация (ары қарай — ҚМИ) – бұл шаралар балалар арасында қызылша ауруының таралуын тоқтатуға, сонымен қатар, медициналық қызметкерлердің қызылшаға иммунитетін күшейтуге бағытталған.
Бір жасқа дейінгі балалар қызылшамен ауырған кезде әлсіз катаралды белгілер байқалады. Қызыл дақтардың пайда болу кезеңінде сілемейлі қабатта жиі көрініс беретін ақшыл-сұр түсті «Бельский-Филатов-Коплик дақтары» кей кезде болмауы мүмкін. Сонымен қатар, іштің өтуі және құсу болады.
Ата-аналардың екпеден бас тартуы болашақта ерте және кеш асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін.
4. Екпе алған адамдар ауруду қалай өткереді? Науқастар стационарда қанша күн жатады?
Екпе алған адамдарда ауру жеңіл өтеді және бөртпе кезеңі болмайды.
5. Қызылша несімен қауіпті және оның салдары қандай? Соңы өлімге алып келетін жағдайлар кездеседі ма?
Геморрагиялық форманы атап өткен жөн. Ауру теріде және шырышты қабаттарда көптеген қан кетулермен, зәрде және нәжісте қанның пайда болуымен, сондай-ақ көп қан жоғалтуға байланысты өлім ықтималдығымен бірге жүреді. Уақытылы медициналық көмекке жүгіну арқылы, мұндай салдардың алдын алуға болады.
6. Қызылша белсіздікке алып келуі мүмкін ба?
Жоқ. Бірақ түсік тастау, ерте босану немесе жатырішілік ақауларға алып келуі мүмкін. Қазіргі уақытта, жүкті әйелдерде қызылша тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілеріне және интоксикация белгілеріне байланысты орташа ауырлықта өтіп жатыр.
7. Қызылшамен ауырған кезде ішкі ағзалар зардап шегеді ма? Ағзаға қандай ауыртпалықтар түседі?
8. Неліктен қоғамда қызылшаның өршуі байқалады?
Қызылша ауруы төмендеу үрдісімен және көпжылдық циклмен сипатталады-5-10 жыл. Таралу факторларының бірі-халық арасында ұжымдық иммунитеттің төмендеуі.